Жаркент көпсалалы колледжінде  14.09.2022 жылы 1-2 курс студенттерімен  «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік –өмірінің қас жауы» атты заң қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  Панфилов ауданы прокуратурасының прокуроры 3-сыныпты заңгер    Ахметбаев Айбол Болатұлы, Панфилов АПБ-ның ЖПҚБ ЮПТУПИ полиция майоры  Багиев   Джамалдин Абдуллаевич қатысып студенттерге жастар арасында орын алып жатқан құқық бұзушылықтар туралы баяндап ондай әрекеттерге бармауға шақырды. Кездесу барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баратов Саят Қанатұлы  колледж студенттерінің тыныс тіршілігі туралы баяндап өтті.