Атауы Жұктеу
1

Комплаенс қызметінің іс - шаралар жоспары


Жемқорлықпен күресеміз! 

Жаркент көпсалалы колледжінде 2022 жылдың  наурыз айының 30-ы күні, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын іске асыру мақсатында колледж комплайнс офицерлерімен, колледж оқытушылары мен білім алушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барсында  оқытушылар мен білім алушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды.

Атауы Жұктеу
1 Жаркент көпсалалы колледжінде l курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғы және академиялық адалдық қағидаларына сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу (сауалнама) жүргізілді.


«Жаркент көпсалалы колледжі» МКҚК – ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша

 

АНЫҚТАМА

«Жаркент көпсалалы колледжі» МКҚК  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл   агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы № 12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.   

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген мекеменің атауы: «Жаркент көпсалалы колледжі» МКҚК

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Колледждің функцияларын қозғайтын нормативтік – құқықтық актілер;
  • Мекемедегі қызметшілердің ауысуы;
  • Бөлімдерге және жеке заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

 

 

     1.Колледж қызметіне қатысты нормативтік – құқықтық актілер бойынша: Колледж өз қызметін «Білім туралы», «Кәсіпорын туралы», «Азаматтық кодекс», «Еңбек кодексі» заңдарына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына, басқа да білім саласына қатысты мемлекеттік құқықтық – нормативтік актілерге, колледж жарғысына сәйкес жүзеге асады.

     Ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

 

      2.Персоналды басқару қызметі және оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ауысуы бойынша:

«Жаркент көпсалалы колледжі» МКҚК – ның қызметкерлерінің бекітілген штаттық бірлік саны – 102.5

Бос жұмыс орындары Панфилов аудандық жұмыспен қамту бөліміне хабарланып отырды.

     Кадрлардың ауысуы:

Жұмыстан шыққан қызметкерлер туралы:

Колледж бойынша өз өтініштерімен жұмыстан шыққан қызметкерлер саны – 8.

     Мүдделер қақтығысын реттеу:

Колледжде қызметке тікелей бағынышты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстарын қызметке алу фактілері анықталмады.Барлық қызметкерлер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

     Тәртіптік жауапкершілік: Есептік кезеңде колледжде ешкім тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Колледж қызметшлері арасында қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағандығы анықталған жоқ.

     Колледжде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңда маны қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізілді.

 

     3.Колледжде атқарылатын жұмыстар бойынша:

2020 жылдың І-ші жарты жылдығында жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 01 қыркүйек – 31 желтоқсан 2020 жыл аралығы кезінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жоқ.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша:

Есеп беру кезеңінде жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

 

     5.Қорытынды бөлім:

Жоғарыда аталғандардың негізінде, комиссия жұмысының анықтауы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сондай- ақ, комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларын күшейтіп, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –шаралар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақытылы жүргізу қажет екендігін ұсынды.

 

  Комиссия төрағасы: Бажиев Байузак Сагиндыкович – колледж директоры

    Комиссия мүшелері: Жайлыбаев Ержан Жаксымуратович – дир. ОӨЖЖ

                                        орынбасары

                                        Бекбула Алтынай Акылшақызы - колледж  әдіскері

                                        Селижов Куат Сапарович – колледждің бас есепшісі

                                        Мулкибаева Ардак Кыдырбаевна -  кәсіподақ төрайымы

                                        Исагулова  Бакытгул  Молдахметовна – кадр бөлімінің

                                        меңгерушісі                             

                                       

    Комиссия хатшысы: Бекдайыр Жанар Әлімбатырқызы – дир.ОТЖЖ

    орынбасарының м.а.