Жаркент қаласындағы Жаркент  көпсалалы  колледжінің тарихына үңілетін болсақ, бұрынғы №18 кәсіптік лицей, қазіргі Жаркент  көпсалалы колледжі, 1976 жылы Панфилов ауданындағы ауылшаруашылығы кәсіптік-техникалық училищесі Сарыөзектегі №103 кәсіптік-техникалық училищесінің бөлімшесі болып құрылған.  1976-1978 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Сүлейменова Клара Ахметқызы атқарған.1978 жылдан бастап Панфилов ауданындағы №148-ші ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық училище болып жұмыс істей бастады. 1996 жылы Жаркент қаласындағы №19 кәсіптік техникалық училище болып қайта өзгертілді. Бұл жылдарда: А.Сасыков, М.Т. Исламов, Н.И.Атанов,М.Б. Қалиасқаров, О.И. Даулетбеков мектеп басшысы қызметін атқарған.


2001-2002 оқу  жылында №19 кәсіптік училищесі №18 кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Ал 2007-2008  оқу жылының маусым айында №18 кәсіптік мектеп №18 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.Алматы  облысы  әкімінің  15.05.2013 жылғы №138 бұйрығына  сәйкес№ 18 кәсіптік  лицей  Жаркент көпсалалы  колледжі  болып  өзгертілді.


Жаркент  көпсалалы колледжі мемлекеттік  коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 16.10.2013 жылғы № 13016240 лицензиясына сәйкес төменде көрсетілген мамандықтар бойынша  мамандар даярлайды:0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру», Біліктілігі: 0508012 – «Аспаз»
1114000 – «Пісіру ісі», Біліктілігі: 1114042 – «Электргазбендәнекерлеуші»


1504000 – «Фермер  шаруашылығы»,  Біліктілігі: 1504062 – «Ауылшаруашы лық өндірісінің тракторист –машинисі» 1201000  – Автокөліктерге қызмет көрсету,  жөндеу  және  пайдалану,  Біліктілігі:1201072–  «Автомобиль жөндеуші слесарь»
Колледжге   40 жыл толды. Осы жылдар аралығында колледждің директоры  Сабырбаев Бақытжан Жұмағұлұлының  жетекшілігімен көптеген істер атқарылды. Сонымен қатар білім - біліктісі жоғары дәрежедегі ұстаздар: тәжірибелі оқытушылар мен  өндіріс  шеберлері М.А. Хайбуллина, А.М. Мақсұтова, Е.М. Султанбеков, А.И.Лысенко, Нусуппеков Ө.Қ., Бегимбетова К. зейнеткерлікке шығып, ал кейбір еңбек ардагерлері Б.Ұ.Батырбеков, М.К.Аманбаев, А.А.Бекбула, А.Қ.Мулкибаева,  С.С.Тулегенова, Д.Апекова, М,Б,Абылғазиев, Р.Т.Тохтаев, Қ.С.Карбузова  осы  колледжде еңбек етіп келеді.


Колледж - жас мамандарды дайындау ісінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, республикаға, облысқа, ауданға танымал іргелі оқу орындарының бірі. Ірге тасы 1978 жылдан қаланғаннан  бері  бірнеше  мыңнан аса мамандар дайындап  шығарды.    Колледждің  оқу  ғимараты  2008 жылы  62 млн.тенгеге,  ал  2009 жылы   жатақхананың жартысы  56 млн. тенгеге  күрделі  жөндеуден  өтті.  Колледждің материалдық –техникалық базасы қазіргі заман талабына сай маман даярлауға толық мүмкіндік бере алады. Колледжде 3 қабатты типтік оқу ғимараты мен 5 қабатты 600 орынды  жатақханасы бар. 20 – оқу кабинеті, 2 –компьютерлік кабинеті, 3 –зертхана,

6 –шеберхана, спорт, акт залы, психологиялық қызмет көрсету кабинеті, дәрігерлік бөлме, кітапхана, оқу залы заман талабына сай безендіріліп, шеберхана мен цехтар арнайы құрал –жабдықтармен жабдықталып, әдістемелік оқу құралдармен, электрондық оқулықтармен, көрнекіліктермен, макеттермен қамтылған. Сонымен қатар колледж тарихына арналған мұражай  және 150 орындық асхана бар. Болашақ жас мамандар колледждің зертханалары мен  шеберханаларында, спорт секцияларында, түрлі үйірмелерде өздерінің кәсіптік шеберліктерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамытса, базалық жеке шаруашылық серіктестері мен қожалықтарында байқау тәжірибиесі сабақтарын өткізіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады.  Жоғары білікті, тәжірибелі оқытушылар мен өндіріс шеберлер ұжымы студенттерге кәсіптік білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды шығармашылықпен пайдаланып отырады. Бүгінгі таңда колледж  ұстаздары мен өндіріс шеберлері  100% жоғары   білікті мамандар.
Колледжде 54  инженер-педагог жұмыс істейді. Оның 18 жалпы білім беретін пән оқытушылары, 8- арнайы пән оқытушылары, 18- өндірістік оқыту шеберлері және 1-аға өндіріс шебері. Білімі  жағынан  38-ы жоғары, ал 15-арнайы орта. Жоғары санатты - 8, бірінші санатты-10, екінші санатты-20, санаты  жоқтар-16.  Колледждің жалпы  сапалық құрамының көрсеткіші жоғары  және  бірінші, екінші  санаттар  бойынша -72%  құрайды, ал жоғары және бірінші санат бойынша - 34%   Сонымен  қатар 2  магистр бар.
    

Колледждің  миссиясы:     Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мазмұнын  жаңғырту жағдайында, еліміздің  индустриалды – инновациялық дамуына бағытталған, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының   аясында тәрбиеленген  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  дайындау.
     

Колледждің стратегиялық мақсаттары:

  • Бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру негізі ретінде білім беру қызметінің сапасын үздіксіз жақсарту.
  • Мамандардың кәсіби дайындық сапасын жақсартуда  жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптарды ескере отырып жетілдіру.
  • Мамандарды кәсіби құзыретті, көп тілді, әлеуметті белсенді тұлға ретінде қалыптастыру.
  • Заманауи жасампаз қоғамды цифровизациялау үрдісінің басты бағыттары ретінде білім берудің цифрлік технологиясын енгізу, заманауи цифрлік технологияларға негізделген ұтқыр білім беру ортасын жасау.
  • Колледждің имидждік қызметін техникалық және кәсіптік білім беру беделін арттыру факторы ретінде қалыптастыру.
  • Қазақстан Республикасының Кіші  Ғылым  Академиясының    аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының  жұмысын жандандыру.

     

Колледждегі жұмыстың басты мақсаты - оқытушылар мен өндіріс шеберлерін әдістемелік педагогикалық тәжірибе мен кәсіптік шеберлікке баулу, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.    
     

Колледждің  әдістемелік мақсаты: Пән оқытушылары  мен   өндіріс шеберлерінің  педагогикалық шеберлігін, сабақ беру әдістемесін үздіксіз көтеру.
Колледжде оқытудың технологиялық құрылымы негізінде оқу-әдістемелік кабинет құрылған. Бұл оқу процесін және инженер-педагогтардың оқу - әдістемелік жұмыстарын үйлестіруге және жетілдіруге бағытталған. Колледжде қазіргі заман талабына сай ИНТЕРНЕТ жүйесіне қосылған 2 компьютерлік кабинет жұмыс істейді. Қазіргі кездегі еліміздегі жан- жақты өрлеу мамандардан өз ісінің кәсіби шеберлігін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан бәсекеге қабілетті маман дайындаудың негізгі шарттарының бірі – кәсіби іс-тәжірибенің сапалы ұйымдастырылуы  және  қазіргі заман талабына сай дуалдық жүйені оқу үрдісіне 2015-2016 оқу жылынан  бастап  енгізіп,  ал 2017-2018 оқу жылынан бастап «Тамақтандыруды  ұйымдастыру», «Пісіру  ісі»,   «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары  модуль  бойынша  оқытылып жатыр.  Барлық  мамандықтар  бойынша  студенттердің кәсіби  дайындық  деңгейін бағалау  қорытындысы жыл сайын 100 % пайыздық  көрсеткішті  көрсетеді.  Биылғы  оқу  жылында  107 студент  колледжді  бітірді. Түлектерді  жұмысқа  орналастыру 83 %  пайыз.

 

Колледждің      әкімшілік   құрамы:


р/с

Атқаратын  қызметі

Әкімшіліктің аты-жөні, тегі

1

Директор

Бажиев Байузак Сагиндыкович

2

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Чынахунова Эльмира Нурдавлетовна

3

Директордың оқу өндіріс ісі жөніндегі орынбасары

Жайлыбаев Ержан Жаксымуратович

4

Директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары

Аманбаев Нурлан Даутахунович

5

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ысқақбек Ақпейіл Азаматқызы

6

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары

Қожаханов Ақжол Құрманғалиұлы

7

Колледж әдіскері

Бекбула Алтынай Ақылшақызы

8

Аға өндіріс шебері

Жансеркеев Мухит Алписбаевич

9

Педагог-психолог

Құрманғалиева Қаламқас Жұмашқызы

10

Бөлім меңгерушісі

Бакирова Жанар Аскаровна