Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Жаркент көпсалалы колледжіне»
2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдаудың
ҮЛГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
- Жалпы ережелер
Осы 2022-2023 оқу жылына арналған "Жаркент көпсалалы колледжі" мекемесіне оқуға қабылдау қағидалары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 4 маусымдағы №246 шығыс хатының бекітілген қосымшасына сәйкес, оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде "Жаркент көпсалалы колледжі" мекемесіне (бұдан әрі колледжге) оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі – ереже) мамандықтар бойынша оқуға қабылдау тәртібін белгілейді
Жаркент көпсалалы колледжі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 16 қазанындағы №13016240 лицензиясына сәйкес техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет жүргізу құқығы берілген. 2022-2023 оқу жылына қабылдаудың Үлгі қағидасы колледждің педагогикалық кеңесінде қаралып бекітілді.(Хаттама №6 28.05.2022 ж).
Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасыны Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанда №264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдарында оқуға түсу үшін квотаның мөлшерін бекіту» туралы қаулысымен бекітілген төмендегідей квоталар қарастырылған.
- I, II топ мүгедектер, бала жасынан мүгедек, бала-мүгедектер қатарындағы азаматтарынан – 1 пайыз;
- Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына берілетін кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша теңестірілген, тұлғаларына – 0,5 пайыз;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын, мамандықтарына ауылдық жастары қатарындағы азаматтырына – 30 пайыз;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, қазақ ұлты тұлғаларына – 4 пайыз;
- жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған, балалар сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кәмилетке толмаған ата-анасыз қалған немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастар қатарына–1 пайыз;
- Қазақстан Республикасының үкіметімен белгіленген, өңірге көшіп келген Қазақстан Республикасының ауылдық жастарының қатарына – 10 пайыз;
- 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеудегі отбасынан шыққан балалар үшін 5пайыз;
- Осы мәртебе көлемінде 3жыл толық емес отбасынан шыққан балаларға 1пайыз;
-Бала кезінен мүгедек балаларды, I-II топтағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан азаматтарға -1 пайыз;
- Колледжге оқытуға қабылдау тәртібі
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу. Колледжде тұлғалардан өтініштерін қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және білім алушылардың құрамына қабылдау үшін 2022 жылғы 30 мамыр №9-н негізінде колледждің басшылығымен колледж бойынша қабылдау комиссиясы құрылды, ол өз жұмысын 2022 жылдың 20 маусымнан бастайды.
- Тұлғалардан оқу орнымызға өтініштерін қабылдау электрондық үкіметтің egov kz. порталы , ішінара автоматтандырылған платформа арқылы және қағаз түрінде күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүргізіледі.
- Өтініштерді қабылдау барысында келесі құжаттар тізбесі талап етіледі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
2022 - 2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау кезінде, біріңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу, талапкерлердің құқығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 26 бабы және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2020 апелляциялық комиссия құрылды.
Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша ТжКОББ ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!
СІЗДЕРДІ ЖАРКЕНТ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ.
Жаркент көпсалалы колледжі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын бірден бір оқу орны.
Мамандықтар тізімі: (9 сыныптан кейін оқу мерзімі 2 жыл 10 ай)
Мамандығы:10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру"(оқыту тілі: қазақша)
Біліктілігі: 3W10130302 "Аспаз"
Мамандығы:07150500 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» (оқыту тілі: қазақша)
Біліктілігі:3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші»
Мамандығы:07161600 "Ауыл шаруашылығын механикаландыру"(оқыту тілі: қазақша)
Біліктілігі:3W07161603 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист- машинисті»
Мамандығы:07161600 "Механизация сельского хозяйство"(оқыту тілі: орысша)
Біліктілігі:3W07161603 «Тракторист-машинист сельскохозяйственного производства»
Мамандығы:07161300 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану"(оқыту тілі: қазақша)
Біліктілігі:3W07161301 "Автомобиль жөндеу слесарі"
Мамандығы:07161300 "Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта"(оқыту тілі: орысша)
Біліктілігі:3W07161301 "Слесарь по ремонту автомобилей"
Мамандығы:07230100 "Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу"(оқыту тілі: қазақ)
Біліктілігі:3W07230101 "Тігінші"
11-сынып базасында
Мамандығы:06120100 "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)" (оқыту тілі: қазақ)
Біліктілігі:3W06120101 "Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы"
Мамандығы:10120100 «Шаштараз өнері» (оқыту тілі: қазақ)
Біліктілігі:3W10120101 «Шаштараз стилисті»
Талапкерлер 2022 жылдың 20 маусымынан 25 тамыз аралығында бекітілген форма бойынша колледжге өтініш бере алады. Колледжге түсем деушілер төмендегідей құжаттарды тапсырулары керек:
- Директордың атына жазылған өтініш
- Туу туралы куәлік, жеке куәлігі (көшірме)
- Білім туралы құжат (түпнұсқа)
- Сурет 3х4 көлемдегі (4 дана)
- № 75-У, №063 дәрігерлік анықтамалары (флюрография)
Мекен-жайы: Жаркент қаласы, Х.Абдуллин көшесі, №76
Жүмыс күндері: Дс, Сс, Ср, Бс, Жм,Сб. Жұмыс уақыты: Дүйсенбі -Жұма аралығында 9.00 ден -18.00 ге дейін, сенбі күндері 9.00-14.00ге дейін.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары: 8(705)206-11-98
8(72831) 9-22-47
e-mail.ru Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. http://zharlentkol.kz/kz/