Бұрынғы №18 кәсіптік лицей, қазіргі Жаркент  көпсалалы колледжі, 1976 жылы Панфилов ауданындағы ауылшаруашылығы кәсіптік-техникалық училищесі Сарыөзектегі №103 кәсіптік-техникалық училищесінің бөлімшесі болып құрылған. 1978 жылдан бастап Панфилов ауданындағы №148-ші ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық училище болып жұмыс істей бастады. 1996 жылы Жаркент қаласындағы №19 кәсіптік техникалық училище болып қайта өзгертілді. 2001-2002 оқу  жылында №19 кәсіптік училищесі №18 кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Ал 2007-2008  оқу жылының маусым айында №18 кәсіптік мектеп №18 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.  Алматы  облысы  әкімінің  15.05.2013 жылғы №138 бұйрығына  сәйкес  № 18 кәсіптік  лицей  Жаркент  көпсалалы  колледжі  болып  өзгертілді.  
Бүгінде  колледжде заман  талабына сай бәсекеге  қабілетті мамандар  даярлауда. Атап айтар болсақ:
«Есептеу техникасы және ақпараттық  желілер(түрлері бойынша)»
«Шаштараз  өнері»
«Тігін  өндірісі және  киімдерді модельдеу»
«Электр  жабдықтарына  техникалық  қызмет  көрсетуші электрмонтер»
«Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
«Шаштараз өнері»
«Тамақтандыруды ұйымдастыру»
«Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист» »