Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы Абдуллина көшесі №76
8 (728) 319-2167
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Жаркент көпсалалы колледжі
"Жетісу облыстық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

"Жаркент көпсалалы колледжі" ШЖҚ МКК рәміздері
Миссиясы:
Білім деңгейі жоғары, кәсіби құзіреттілігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Ұраны (Девизі):
"Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі!"
Көрінісі (Видение):
"Жаркент көпсалалы колледжі" – білім мен тәжірибені үйлестіре отырып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлайтын инновациялық және көпсалалы білім ордасы. Біз заман талабына сай озық технологиялар мен оқыту әдістерін қолданып, білім алушылардың кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік дамуына жағдай жасаймыз.
Құндылықтары:
1. Білім мен кәсібилік – сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
2. Жаңашылдық – заманауи технологияларды енгізу және үздіксіз даму.
3. Жауапкершілік – қоғам алдындағы, білім алушылар мен серіктестер алдындағы адалдық.
4. Патриотизм – елдің дамуына үлес қосатын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген мамандарды тәрбиелеу.
5. Ынтымақтастық – білім беру мен өндірістік сектор арасындағы серіктестікті нығайту.
6. Қолжетімділік – инклюзивті білім беруді дамыту, әрбір білім алушыға тең мүмкіндік беру.
Мақсаты:
Еңбек нарығының сұранысына сәйкес, жоғары білікті, инновациялық ойлайтын, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мамандарды дайындау.
Міндеттері:
• Заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
• Цифрлық және кәсіптік дағдыларды қалыптастыру;
• Колледжді ғылыми-инновациялық және тәжірибелік алаңға айналдыру;
• Жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту;
• Өндірістік тәжірибе мен дуальды оқыту жүйесін жетілдіру.
Колледж эмблемасы (елтаңбасы):
Колледж эмблемасы инновация мен дәстүрдің үйлесімін бейнелейді. Ол төмендегі элементтерден тұрады:
• Ашық кітап – білім мен даналықтың символы;
• Шеңбер пішін – тұтастық, ынтымақтастық және дамудың белгісі;
• Технологиялық элементтер – колледждің IT және инновацияға бағытталғандығын көрсетеді;
• Қазақи ою-өрнек – ұлттық мәдениетке деген құрмет пен дәстүр сабақтастығын білдіреді.