Жаркент көпсалалы колледжінде 6-14 қыркүйек аралығында республикалық апталықтың іс- шара жоспары жасалды. Жоспар бойынша Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен ролі туралы «Отбасым менің қуатым» тақырыбында конференция, «Отбасы және тәрбие »тақырыбында ата-аналар жиналысы, «Қамқорлық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясы, «Мен отбасымды мақтан тұтамын» фотоконкурс, «Жанұя-қорғаным, ата- ана тірегім» дөңгелеу үстел, «Ата – анам және мен» спорттық эстафета, «Отан отбасынан басталады» акция, флешмоб ұйымдастырылып өткізілді.