«ХХІ ғасыр- білім мен ғылым ғасыры» «100 нақты қадам» ұлт жоспары тақырыбында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу болды. Мақсаты: Студенттерге тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіріп, адал еңбекке баулу , кәсіптік білім беру. кәсіпкерлік еңбекке баулу жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» арқылы кәсіпкер мамандығын саналы түрде таңдауға дайындау. Кездесуде түлектердің жұмысқа орналасуы, кіші бизнеспен айналысу туралы сұрақтарда пікір алмасты. Колледждегі мамандықтар бойынша көрме қойылды. Аудандық жұмыспен қамту орталығынан өкілдер келіп , студенттердің сұрақтарына өз ойларын айтты.