Ішкі тәртіп ережелері

  • Жаркент көпсалалы колледжінің (ішкі) тәртібінің ережелері.
  • Ережелерде еңбекті ұйымдастыру мен білім беру үрдісінің қатынастарын реттеу тәртібі қарастырылады.
  • Ережелер білім беру ұйымының жұмысының басталу және аяқталу уақытын, олардың арасындағы үзілістерді, білім алушылардың оқу сабақтарының ұзақтылығын, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын, сонымен қатар білім беру ұйымында болудың ережелері мен нормаларын бекітеді.
  • Жаркент көпсалалы колледжі еңбек және оқу тәртібі қызметкерлердің және білім алушылардың еңбек және оқу міндеттерін саналы және адал орындауына негізделген, және жоғары сапалы еңбек пен оқытудың жоғарғы сапасының қажетті жағдайы болып табылады.
  • Еңбек және оқу тәртібі әкімшілікпен еңбек және оқуға, түсіндіру әдістеріне ынталандыруға, сонымен қатар теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік шығындар қолданумен оқу-тәрбие процесіне қатысатын қызметкерлер мен қатысушылардың саналы қатынасына қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайларды жасау жолымен қамтамасыз етіледі.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін пайдаланумен байланысты барлық мәселелер Жаркент көпсалалы колледжі әкімшілігімен, ал заңнамамен қарастырылған жағдайларда кәсіподақ комитетімен бірлесе немесе келісе отырып шешіледі. Бұл мәселелер сонымен қатар еңбек ұжымымен өзінің құзіретіне сәйкес орындалады.
  • Қызметкерлер арасындағы қызығушылықтар мен қатынастарды шешу Жаркент көпсалалы колледжі Ұжымдық шартының негізінде, білімін бағалау бойынша оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасында – Білім алушылардың білімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереженің, қызметкерлер мен білім алушылар арасындағы түрлі санаттардың арасындағы қызығушылықтар мен қатынастардың басқа да қайшылықтары Қоғамдық комиссиялардың шешімімен, немесе Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген тәртіпте шешіледі.
  • Еңбек (ішкі) тәртіп ережелері жұмыс беруші, жұмыскерлер, білім алушылар мен басқа да білім беру ұйымының аумағындағы адамдар үшін міндетті болып табылады.
  • Колледж әкімшілігінің негізгі міндеттері
  • Жаркент көпсалалы колледжі әкімшілігі азаматтық, еңбек заңнамасының, білімі туралы заңнаманы және осы Ережелерді басшылыққа ала отырып міндетті:
  • оқытушылар құрамының және колледждің басқа да қызметкерлерінің еңбегін әрқайсы өз мамандығы мен біліктілігі бойынша жұмыс істеу үшін, өзіне міндеттелген жұмыс орнына ие болуы үшін ұйымдастыру;
  • жұмыскерлерге уақытында тапсырма беруге, оларды қажетті материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз ету;
  • өндірістің, ғылымның, техниканың, мәдениеттің уақытша талаптарын және олардың дамуы мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру келешектерінің сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасау;
  • оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін оқыту мен енгізуді ұйымдастыру; Жаркент көпсалалы колледжі оқу-өндірістік шеберханаларында (шаруашылықтарында) күрделі және ауыр жұмыстарды механизациялау;
  • Жаркент көпсалалы колледжі жұмысты және оқуды жақсартуға бағытталған еңбек ұжымының ұсыныстарын уақытында қарастыру және енгізу, өндірістік мәжілістердің шешімдерін іске асыру, оқу ұйымының үздік қызметкерлерін демеу және ынталандыру;
  • еңбек және оқу тәрбиесін жан-жақты нығайту;
  • еңбек жағдайын жақсарту, еңбек туралы заңнаманы бұлжытпай орындау, еңбек күзеті бойынша ережелерге сәйкес барлық орындарда қажеттің техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету және жұмыс ережелерін құру (қауіпсіздік техникасының ережелеріне, санитарлық нормалар мен ережелерге және т.б.);
  • Ережелерде еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстардың өндірісі кезінде сақтану керек талаптардың болмау кезінде колледж әкімшілігі еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды;
  • бөлмелердің жағдайын, жылыту жүйесін, жарықты, желдетуді, жабдықтауды қалыпты ұстап тұруға, колледж қызметкерлерінің, білім алушыларының және қонақтарының сыртқы киімін сақтау үшін қалыпты жағдайлар жасауға;
  • өндірістік жарақаттың алдын алатын қауіпсіздік техникасының жаңа құралдарын енгізуге, қызметкерлер мен білім алушылардың кәсіби және басқа да ауруларының туындауының алдын алатын санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге;
  • қызметкерлер мен білім алушылардың санитария ережелері мен еңбек гигиенасының, өртке қарсы күзет пен ішкі қауіпсіздік нормаларын ұстануын үнемі бақылауға алу;
  • Жаркент көпсалалы колледжі барлық қызметкерлеріне уақытында демалысты ұсынуды қамтамасыз ету;
  • еңбекақы мен шәкіртақыны уақытында төлеу;
  • еңбектің жоғары өнімділігін жоғарылату, жұмыс сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасау: еңбектің адами ынталандырылуының ролін жоғарылату, қызметкерлер мен білім алушыларды ынталандыру туралы мәселелерді шешу;
  • Жаркент көпсалалы колледжі оқытушалыр құрамы мен басқа да қызметкерлерінің іскерлік (өндірістік) біліктілігін жүйелі түрде жоғарылатып отыруды қамтамасыз ету.
  • ұжымда іскерлік, шығармашылық жағдайды ұстап тұру,өндірістік мәжілістер мен қоғамдық қызметтің басқа да формаларын пайдалана отырып қызметкерлердің басымдылығы мен белсенділігін демеу және дамыту, Колледждің еңбек ұжымының сынамалы ескертулерін уақытында қарастырып отыру және қажетті шаралар қабылдау.
  • Колледж әкімшілігі колледждің Ішкі тәртібінің ережелерімен қызметкерлерін, білім алушыларды, сонымен қатар олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін қолжетімділігі мен танысуын қамтамасыз етеді.
  • Колледж қызметкерлерінің негізгі міндеттері
  • Колледж қызметкерлері міндетті:
  • адал және шынайы жұмыс істеу;
  • өз мамандығы бойынша оқу, ғылыми және әдістемелік жұмысты жоғары деңгейде орындау;
  • жүктелген жұмыс көлемдерін уақытында орындау;
  • білім алушылар арасында тәрбие беру жұмысын жүзеге асыру, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу;
  • білім алушыларға жеке жұмыстарды ұйымдастыруда көмек көрсету, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жүргізу;
  • педагогикалық және кәсіби деңгейін жүйелі жоғарылатып отыру: теоретикалық білімдерді, практикалық тәжірибені, ғылыми жұмысты жүргізу әдістерін, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, ғылыми-педагогикалық кадрлардың дайындығын жүзеге асыру, сонымен қатар өзінің іскерлік (өндірістік) біліктілігін жүйелі түрде жоғарылатып отыру;
  • еңбек және технологиялық тәртіпті ұстану, жұмыс уақытын тәртібі мен ұйымда бекітілген тәртіпте пайдалануды тура ұстану;
  • жұмыстардың қалыпты өндірісіне кедергі жасайтын немесе қиындық туғызатын себептер мен жағдайлардың туындауы кезіндегі әкімшілікті тез арада хабарландыру;
  • өзінің жұмыс орнын тәртіпте және таза ұстап тұру;
  • мемлекеттік меншікті күтіп ұстау және нығайту, Жаркент көпсалалы колледжі мүлігінің дұрыс сақтаулы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету, жабдықтарды, аппаратураны, құралдарды, кітап қорын, мүлікті және т.б. тиімді пайдалану. Колледждің бөлмелерінде және аумақтарында тазалықты ұстап тұру.
  • толық көлемде сәйкес ережелермен және нормалармен қарастырылған еңбек күзеті мен өртке қарсы күзет талаптарын орындау, берілген арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді және қорғаныстың басқа да құралдарын пайдалану;
  • өзін дұрыс ұстау, қоғамдық тәртіпті ұстану, өзінің қызметтік міндеттерін басқа қызметкерлер орындауына жол бермеу.
  • Әр қызметкер атқаратын өз мамандығы, біліктілігі немесе қызметі бойынша еңбек міндеттерінің аясы бекітілген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелермен анықталады.
  • Жұмыс уақыты және оны пайдалану
  • Колледж қызметкерлері үшін жұмыс уақыты мен демалыс уақыты колледж әкімшілігімен колледж қызметінің тәртібін есепке ала отырып бекітіледі.
  • Оқытушылар құрамы үшін.
  • Оқытушылық құрамның еңбегін анықтайтын негізгі құжат жеке  жоспар және  сабақ кестесі  болып табылады.
  • Жеке жоспар оқу жылына  құрылады  және  циклдық әдістемелік комиссия төрайымымен (төрағасы) бекітіледі,  циклдық әдістемелік комиссия төрайымы (төрағасы) үшін –  бөлім меңгерушілерімен.
  • Оқу орнының кестесінің сақталуын, жеке  жоспарларының    орындалуын бақылау циклдық әдістемелік комиссия төрайымымен (төрағасы),  бөлім меңгерушісі және  оқу-әдістемелік  орталықпен  жүзеге  асырылады.
  • Әкімшілік-басқару, қызмет көрсету және басқа да персонал үшін.
  • Әкімшілік-басқару персоналы үшін—бес  күндік  жұмыс аптасында 8 сағат (аптасына 40 сағат).
  • Жұмыс беруші жұмыстың басталу және  аяқталу  уақытын бекітеді.
  • Жұмыстың (ауысымның) басталу және  аяқталу  уақыты  барлық қызметкерлер мен кәсіподаққа  хабарланады.
  • Сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейінгі  уақыт түнгі  болып есептеледі. Қызметкерлерді  түнгі  уақытта  жұмысқа  тарту  Еңбек  кодексімен белгіленген шектеулерді  сақтаумен  жүзеге  асырылады.
  • 4.3.5. Күнделікті  жұмыс  ағымында   қызметкерлерге  демалу, тамақтану  үшін үзіліс  беріледі. Демалу  үшін берілген  үзіліс   жұмыс уақытына кірмейді.
  • 4.3.6. Жұмыс берушінің бастамасымен демалыс және мереке күндері жұмыс істеу жұмыс берушінің жазбаша рұқсатымен Еңбек кодексінің 86 бабында қарастырылған жағдайдан басқа жағдайларда рүқса етіледі.
  • 4.3.7.Демалыс және мереке жұмыс күндеріндегі жұмыс берушінің актінің негізінде рұқсат етіледі.
  • 4.3.8.Қызметкер еңбек шартына сәйкес толық емес жұмыс күнінен немесе толық емес жұмыс аптасына қабылдануы мүмкін.
  • 4.3.9.Қоса  атқару  тәртібіндегі  жұмыс  негізгі  лауазым бойынша  жұмыстан тыс уақытта  орындалуы  тиіс.
  • 4.3.10. Қоса атқару бойынша жұмыс тәртібі еңбек шартында айтылады. Осы кезде қоса атқару бойынша жұмыс күнделікті жұмыс ұзақтылығының бекітілген нормасын 4 сағаттан артық нормадан асып кетпеуі тиіс.
  • Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазалаулар
  • 5.1. Еңбек  тәртібін бұзу, атап айтқанда, қызметкердің  кінәсы  бойынша оған жүктелген еңбек  міндеттерін  орындамау  не  тиісті  орындамау   қызметкердің  тәртіпсіздік  жасағаны  үшін  тәртіптік  жаза  қолдануға  әкеледі.
  • 5.2. Қызметкердің теріс қылық жасаған кезінде әкімшілік тәртіптік сөгістің келесі түрлерін ұстануға құқығы бар:
  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс.
  • 5.3. Жұмыс берушінің тарапынан еңбек шартын бұзу Еңбек кодексінің 52 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
  • 5.4.Тәртіптік сөгістер акт жасау жолымен колледж директорымен тағайындалады. Тәртіптік сөгіс тағайындау туралы акт тәртіптік сөгіске тартылған жұмыскерге қол қою арқылы тағайындалған күнінен үш жұмыс күні ішінде айтылады. Қызметкердің өз қолымен жұмыс берушінің актімен танысқаны туралы қол қоюдан бас тартқан жағдайында бұл туралы тәртіптік сөгіс тағайындау актісінде сәйкес жазба жазылады. Жұмыскерді тәртіптік сөгіс жариялағаны туралы актімен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда жеткені туралы қағазы бар хат түрінде актіні бағыттауға міндетті. Тәртіптік сөгіс тәртіптік сөгіс қызметкермен еңбек кодексінде бекітілген тәртіпте шағымдала алады.
  • 5.5. Колледж әкімшілігі   тәртіптік  жаза  қолданғанға  дейін  қызметкерден жазбаша  түсініктемені  талап етуі  міндетті. Қызметкердің айтылған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайында сәйкес акт жасалады.
  • 5.6. Тәртіптік жазаны  қолдану  мерзімі уақытша  еңбекке  жарамсыздығына,  мемлекеттік  немесе қоғамдық міндеттерді  орындауы  үшін  жұмыстан босатылғанына, еңбек  демалысында, іссапарда  болуына байланысты   тоқтатылады.
  • 5.7. Тәртіптік  жазаны  қолданған әкімшілік оны  өз тілегі, қызметкердің не  оның  тікелей   басшысының  өтініші, қызметкерлер өкілінің өтініші   бойынша алып тастауға  құқылы.
  • Оқу тәртібі
  • Оқу жылы колледждің оқу бөлімімен бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес басталады. Бекітілген мерзімге сәйкес оқуға келмеген студенттер колледжден  шығарылады.
  • Колледждегі оқу сабақтары белгіленген тәртіпте бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша жүргізіледі.
  • Оқу кестесі бір жылға құрылады.
  • Дәрісханалық сабақтардың барлық түрлері үшін 45 минутқа тең бір академиялық сағат белгіленеді.
  • Әр оқу дәрістерінің басталуына дейін (сабақ арасындағы үзілістерде) дәрісханаларда, зертханаларда, оқу шеберханалары мен кабинеттерде зертханашылар қажетті оқу құралдары мен аппаратураны даярлайды.
  • Дәрісханаларда, зертханаларда, шеберханаларда тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін әр курс топтарына бөлінеді.
  • Колледж директорының өкімімен әр топта топ жетекшісі тағайындалады. Топ жетекшісі тікелей бөлім меңгерушісіне және директордың тәрбие ісі  бойынша орынбасарына бағынады.
  • Топ жетекшісінің міндетіне кіреді:
  • Топ студенттерінің үлгерімі мен қатысуына дербес есеп;
  • Босату себебін көрсетумен студенттердің сабаққа келмеуі туралы бөлім меңгерушісін ақпараттандыру;
  • Айлық бақылау және қорытынды бақылау уақытында, дәрістерде және тәжірибелік сабақтарда топтардың оқу тәртібін, сондай-ақ оқу жабдықтары мен құралдарының сақталуын қамсыздандыру;
  • Оқу кестесіне енгізілген өзгерістер туралы студенттерге хабарлау; бөлімнің нұсқаулықтарын, ақпараттарын барлық студенттердің назарына жеткізу; Топ жетекшісінің тапсырмалары жоғарыда көрсетілген функциялар шеңберінде барлық топ студенттері үшін міндетті.
  • Әр топта белгіленген үлгідегі оқу журналы жүргізіледі.
  • Колледж білім алушылары міндетті:
  • Жаркент көпсалалы колледжі құзіретіне сәйкес бекітілген таңдау мамандығы бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жүйелі және терең игеру;
  • оқу тәртібін ұстану, Еңбек (ішкі) тәртіп ережелерін орындау, жатақхана туралы ережені, басқа да колледж әкімшілігінің жергілікті актлері мен өкімдерін ұстану;
  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған белгіленген уақытта тапсырмалардың барлық түрлері орындау және дәрістерді, тәжірибелік сабақтарға қатысу;
  • дәріс уақытында колледжде белгіленген киім формасын сақтау;
  • дәріс, тәжірибелік сабақтар, аралық және қорытынды бақылау уақытында олардың өтуіне кедергі жасамау үшін ұялы телефондарды өшіру;
  • сыбайлас жемқорлық әрекеті жағдайларына қарсы әрекет ету;
  • Дәлелді себеп бойынша сабаққа келмеген жағдайда білім алушы келесі күннен кешікпей бөлім меңгерушісіне білдіруге және келген күні оқу орнына сабақты босату себептері туралы ақпарат ұсынуға міндетті. Ауырған жағдайда білім алушы емханамен расталған емдеу мекемесінің белгіленген үлгідегі анықтамасын бөлім меңгерушісіне ұсынады.
  • Колледж бітірушілері жасалған шартқа сәйкес міндетті бөлініске және еңбекке орналастыруға жатады.
  • Медициналық көрсетілімдері бойынша академиялық демалыс білім алушыға келесілердің негізінде ұсынылады:
  • ауыруы бойынша 6 айдан 12 айға дейінгі ұзақтылығы бар амбулаторлық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-кеңес берушілік комиссия (ДКК) қорытындысы;
  • туберкулезбен ауыру жағдайында туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-кеңес берушілік комиссияның қорытындысы.
  • Академиялық демалыс білім алушыға сонымен қатар келесілердің негізінде ұсынылуы мүмкін:
  • заңнамамен бекітілген жағдайларда әскери қызметке шақырту уақытында Қазақстан Республикасының Әскери Күштерінің қатарына шақырту туралы парақша;
  • заңнамамен бекітілген жағдайларда 3 жылға дейін ұзақтылықта баланың тууы, асырап алу;
  • заңнамамен қарастырылған басқа да жағдайларда.
  • Академиялық демалыс сондай-ақ үш жылға дейін балаға қарау үшінде беріледі.
  • Жоғарылату мақсатында қорытынды бақылау бойынша оң нәтижелі бағаларды қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
  • Емтихандық сессияға жіберу екі кезеңде жүзеге асырылады:
  • Қорытынды бақылауға және емтихан тапсыруға келмеген жағдайда студент түсініктеме жазуы тиіс. Дәлелді себепсіз емтиханға, қорытынды бақылауға келмеген жағдайда академиялық қарызбен теңеседі.
  • Студенттер мемлекеттік меншікке ұқыпты және мұқият қарауға міндетті (құрал-саймандар, оқу құралы, кітаптар, аспаптар және т.б.). Студенттерге колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз зертханадан, оқу және басқа да бөлмелерден заттар мен әртүрлі жабдықтарды шығаруға тыйым салынады.
  • Студенттер тек оқу орнында ғана емес өндірістік шеберханаларда өз-өзін ұстай  білуі, сыпайы болуы міндетті.
  • Барлық оқу және оқу-өндірістік бөлмелеріндегі тиісті тазалық пен тәртіпті оқу орнында белгіленген ережелерге сәйкес өз-өзіне қызмет көрсету бастамасында техникалық персонал мен студенттер қамтамасыз етеді.
  • Оқуда жоғары көрсеткіштері, жақсы үлгерімі және қоғамдық, ғылыми жұмысқа белсенді қатысқаны үшін студенттерге келесі марапаттау шаралары белгіленеді:
  • алғыс хаттар;
  • құрмет мадақтамалары.
  • Оқу тәртібін бұзғаны, еңбек (ішкі) тәртібі ережелерін, жатақханада тұру ережесін, шарт талаптарын, Колледж жарғысын орындамағаны үшін білім алушыға тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін:
  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • оқу орнынан шығару.
  • Білім алушы колледжден келесі негіздер бойынша шығарылуы мүмкін:
  • өз қалауымен;
  • өліміне байланысты, сондай-ақ соттың хабарсыз жоғалғаны немесе өлгені туралы шешімі бойынша мойындалған жағдайда;
  • басқа білім беру ұйымына оқуын жалғастыруы үшін ауысуына байланысты;
  • дәлелді себепсіз белгіленген мерзімде оқу жоспарын орындамағаны (бір академиялық мерзім ағымында академиялық қарызды жоя алмау) үшін;
  • бекітілген мерзімдерге сәйкес сабақтарға кіріспеген ретінде;
  • колледж жарғысында, еңбек (ішкі) тәртіп ережесі мен колледж жатақханасында тұру ережесінде қарастырылған білім алушының міндеттерін бір рет дөрекі орындамағаны үшін;
  • тәртіптік әрекет ету шаралары тәртіп бұзушыға бұрын қолданылған жағдайда колледж жарғысында, еңбек (ішкі) тәртіп ережесі мен колледж жатақханасында тұру ережесінде қарастырылған міндеттерді жүйелі бұзғаны үшін;
  • білім алушы бостандығынан айыратын немесе басқа да оқуды жалғастыру мүмкіншілігінен айыратын жазаларға сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
  • білім беру шартында қарастырылған талаптарды бұзғаны үшін;
  • білім алушының жалған құжаттарды немесе колледжге түсуі немесе оқуына байланысты әдейі жалған мәліметтерді ұсынған жағдайда;
  • білім алушының колледж абыройы мен іскерлік беделіне зиян тигізетін әрекет жасаған жағдайда;
  • академиялық демалыстан шықпағанына байланысты;
  • колледжден оқудан шығару Қазақстан Республикасының қызметтегі заңнамасында қарастырылған басқа да негіздер бойынша жүзеге асырылады.
  • Тәртіптік жаза қолдануға дейін білім алушыдан жазбаша түрде түсініктеме талап етілуі керек. Білім алушының көрсетілген түсініктемені ұсынудан бас тартуы актпен ресімделеді. Бас тарту тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.
  • Колледж бөлмелеріндегі тәртіп
  • Жаркент көпсалалы колледжі оқу корпустарындағы,   жатақхана  және  басқа  ғимараттарындағы  тиісті  тәртіп пен санитарлық-гигиеналық жағдайды  қамтамасыз ету  әкімшілік –шаруашылық бөлімшелерімен жүзеге  асырылады.
  • Кафедралар мен бөлімдегі мүліктер мен жабдықтарды сақтағаны үшін циклдық әдістемелік комиссия төрайымы (төрағасы) мен бөлім меңгерушілері  жауап береді.
  • Колледжге қатысты барлық бөлмелерде тыйым салынады:
  • сыртқы киімдерде, бас киіммен жүру;
  • қатты шуылдаулар, шуылдар, тыныштықты бұзу, сабақ уақытында дәліздерде себепсіз жүру;
  • Колледждің іргелес аумақтары, оқу  копустары, студенттік  жатақханаларында  темекі  шегу, алкогольдік, наркотиктік мастануды  немесе басқа  типті  интоксикацияны тудыратын заттарды пайдалану.
  • Естілігіне байланысты  күмән туғызатын тұлғаға, лауазымына  қарамастан  дереу (сол күні)  наркодиспансерде куәландырудан өту  ұсынылады. Бас  тартқан жағдайда,  куәландырудан өтуден бас  тартқаны  туралы  акт құрылады, сондай-ақ, тиісті  шараларды  қолдану үшін  колледж директорының атына  баяндау  хат жазылады.
  • Колледж әкімшілігі оқу орнының күзетілуін, құралдар, жабдықтар мен басқа да мүліктердің сақталуын, сондай-ақ колледжге тиесілі барлық ғимараттарында қажетті тәртіптің сақталуын қамсыздандырады.
  • Колледж кабинеттерінің, дәрісханаларының, бөлмелерінің кілттері комендантта, оқу бөлімінде болуы керек, кілттердің берілуі және алынуы белгіленген үлгідегі журналда жазылуы қажет.
  • Колледждің барлық материалдық құндылықтары мүліктік жауапкершілік туралы шарт жасалатын материалдық жауапты тұлғаларға сақтауға беріледі. Материалдық жауапты тұлғалар жұмыстан босатылған жағдайда колледждің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері материалдық құндылықтардың уақытылы және дұрыс тапсырылуына жауапты.
  • «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 13 желтоқсанындағы № 267  Заңына сәйкес Қазақстан республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндерҚазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады.
  • Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.
  • Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
  • Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелік күндер:
  • Ұлттық мереке:
  • Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан;
  • мемлекеттік мерекелер:
  • Жаңа жыл-1-2 қаңтар;
  • Халықаралық әйелдер күні -8наурыз;
  • Наурыз мейрамы-21-23наурыз;
  • Қазақстан халқының бірлігі мерекесі-1 мамыр;
  • Отан қорғаушы күні-7 мамыр;
  • Жеңіс күні-9 мамыр;
  • Астана күні- 6 шілде;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы күні-30 тамыз;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.
  • Осыған байланысты 2015 жылғы жұмыс уақытының теңгерімін жасау кезінде  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының нормалары есепке алына отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) тура келетін мерекелік күндер мерекеден кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
  • Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар-православиелік Рожество демалыс күндері болып табылады.