27.09 .2022 жылы Жаркент көпсалалы колледжінде  ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа аудандық ювеналды полиция майоры Багиев Джамалдин Абдуллаевич қатысып бүгінгі таңдағы жастар арасында болып жатқан қылмыстар туралы баяндап ата-аналар тарапынан студенттердің кешкі уақытта үйде болуын қадағалап бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.Колледж директорының  тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары  Баратов С.Қ.  ата-аналарды колледждің ішкі тәртібімен, білім алушылардың киім үлгісі  және оқу графигі туралы қысқаша мәліметтер берді. Жатақхана  мәселесі  бойынша  жатақхана  меңгерушісі  Апекова Д.А.  сөз  сойлеп, ата-аналарға  жатақхана тәртібі туралы, жатақханада  өткізілген және  жоспар  бойынша өткізілетін   іс-шаралар жөнінде  айтып берді.