«ЖАРКЕНТ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

«Тілім менің -тірлігімнің тірегі» атты іс -шараның  ашылуына

Жаркент көпсалалы колледжінде 2022 -2023 оқу жылының 12 қыркүйегінде «Тілім менің -тірлігімнің тірегі» атты онкүндік іс -шараның ашылуы өткізілді.

Мақсаты: Студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемелекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері , салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Студенттердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекілік құралдар: Тіл туралы салынған қабырға газеттері, түрлі -түсті шарлар, видеороликтер, кітап – журналдар.

Іс -шараның ашылуында ең бірінші ПЦК жетекшісі Қабылбекова Л.Ш сөз сөйлеп, мұғалімдер мен білім алушыларды онкүндік жоспармен таныстырды. 104 топ білім алушысы:Бейсенбек Ернұр, 206 топ білім алушылары: Асылбекұлы Сәкен, Жалғас Бекзат, Ербақыт Жасұлан, 105 топ білім алушылары: Бабешко Валерия, Абдугаитова Дильназ тіл туралы өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды.  Және де 102 топ білім алушысы Есіркеева Еркежан «Атамекен» әнін шырқады.