1—ші қыркүйек білім күніне орай Жаркент көпсалалы колледжінде мерекелік лездеме болып өтті. Лездемеге барлық колледж ұстаздары мен білім алушылар қатысты.

Мерекелік лездемені колледжіміздің директоры Бажиев Б.С.  ашып өз сөзінде барша ұжым мен білім алушыларды мерекемен құттықтады. Алдағы оқу жылында барлығына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Жаркент көпсалалы колледжі жаңа 2022—2023 оқу жылында жас жеткіншектермен толығып, өсіп—өнуде. Сіздерді де 1—ші қыркүйек білім күнімен құттықтаймыз!