Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Жаркент көпсалалы колледжіне»

2021-2022 оқу жылына оқуға қабылдаудың

ЕРЕЖЕСІ

1.  Жалпы ережелер

 

Осы 2021-2022 оқу жылына арналған "Жаркент көпсалалы колледжі" мекемесіне оқуға қабылдау ережесі  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы   2020 жылғы 4 маусымдағы №246 шығыс хатының бекітілген қосымшасына сәйкес, оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде "Жаркент көпсалалы колледжі" мекемесіне (бұдан әрі колледжге) оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі – ереже) мамандықтар бойынша оқуға қабылдау тәртібін белгіледі.

 

Жаркент көпсалалы колледжі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 16 қазанындағы №13016240 лицензиясына сәйкес техникалық және кәсіптік орта білім беру саласында қызмет жүргізу құқығы берілген. 2021-2022 оқу жылына қабылдаудың Үлгі қағидасы колледждің педагогикалық кеңесінде қаралып бекітілді (Хаттама №6  28.05.2021 ж)

 

Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасыны Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанда № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдарында оқуға түсу үшін квотаның мөлшерін бекіту» туралы қаулысымен бекітілген төмендегідей квоталар қарастырылған.

  • I, II топ мүгедектер, бала жасынан мүгедек, бала-мүгедектер қатарындағы азаматтарынан – 1 пайыз;
  • Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына берілетін кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша теңестірілген, тұлғаларына – 0,5 пайыз;
  • Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын, мамандықтарына ауылдық жастары қатарындағы азаматтырына – 30 пайыз;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, қазақ ұлты тұлғаларына – 4 пайыз;
  • Жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған, балалар сонымен қатар, Қазақстан Республикасының кәмилетке толмаған ата-анасыз қалған немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастар қатарына–1 пайыз;
  • Қазақстан Республикасының үкіметімен белгіленген, өңірге көшіп келген Қазақстан Республикасының ауылдық жастарының қатарына – 10 пайыз;
  • 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеудегі отбасынан шыққан балалар үшін 5пайыз;
  • Осы мәртебе көлемінде 3жыл толық емес отбасынан шыққан балаларға 1пайыз;
  • Бала кезінен мүгедек балаларды,  I-II топтағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан азаматтарға -1 пайыз;

 

2. Колледжге оқытуға қабылдау тәртібі  

        

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу. Колледжде тұлғалардан өтініштерін қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және білім алушылардың  құрамына қабылдау үшін 2021 жылғы 4 маусым №18-н негізінде колледждің басшылығымен колледж бойынша қабылдау комиссиясы құрылды, ол өз жұмысын 2021 жылдың 25 маусымнан бастайды.

 

Тұлғалардан оқу орнымызға өтініштерін қабылдау электрондық  үкіметтің  www.egov kz. порталы , ішінара автоматтандырылған платформа арқылы  және қағаз түрінде күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында  жүргізіледі.

 

Өтініштерді қабылдау барысында келесі құжаттар тізбесі талап етіледі:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

 

2021- 2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау кезінде, біріңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу, талапкерлердің құқығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 26 бабы және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы   2020 жылғы 4 маусымдағы №246 шығыс хатының бекітілген қосымшасына сәйкес апелляциялық комиссия құрылды.

 

Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша ТжКОББ ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

 

Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

 

Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

 

 3. Білім алушылар құрамына қабылдау

 

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып,  іріктеу  негізінде өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды және ашық отырыстарда  жүргізеді.