Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі оқушылардың, педагогтардың және ата- аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай- ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатынды 1- қыркүйек Білім күні және жаңа 2020- 2021 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс- шараны қашықтықтан өткізуді ұсынды.
Жаркент көпсалалы колледжі Бірінші сабақты еліміздің негізгі Заңы- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 25 жылдығына арналған «Конституция- біздің болашағымыз!» тақырыбында өтті. Іс- шараның идеологиялық мазмұны Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерекелері тақырыптарын құрады. Тәрбие сағаты барысында студенттерге денсаулықты сақтай отыра білімнен қол үзбеуге, күнделікті оқу режимін сақтауға, жеке бас гигиенасын талаптарын қатаң ұстануға бағытталған түсіндірмелер орын алды.
https://zharkentkol.kz/kz/zhanaly-tar/103-87645210.html#sigFreeId0a30c11882